Шоу-бизнес

«Шал құсамай қойшы»: Еркін Нұржанов жас әйелінен сөз естіп қалды (ВИДЕО)

«Шал құсамай қойшы»: Еркін Нұржанов жас әйелінен сөз естіп қалды (ВИДЕО)

Әнші Еркін Нұржанов әйелімен түскен видеосын бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Еркін Нұржанов сәбиінің жынысын білген сәтін тек туылғаннан кейін ғана көрсетуді жөн көрген. 

“Ассалаумағалейкум! Бұл видеоны бірінші УЗИ-ден соң-ақ түсіріп қойғанбыз. Тіл-көз бар ғой деп салмап едік, енді салуға тура келді. ‎Анам (марқұм) тұңғышы маған аяғы ауыр кезінен, босанғаннан кейін маған 6-7 ай болғанда әкесінің(нағашы атам) көзіне әрең көрінген екен! Әлбетте ұялғанынан ғой. Бұны айтқаным, жәй сол кезден қазірге дейін қаншалықты алға, қаншалықты артқа дамыдық екен деп ойлаймын. Осы видеоны түсірерде келіншегіме жайлап осы әңгімені бастап көріп едім: “Туу, қойшы, сен де шал құсамай”, - деді. Қожанасыр айтқандай: “Ее, қатын, сенікі де дұрыс”, - дедім”, - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары әншіні сәбилі болуымен құттықтап түрлі пікір жазды. 

Барлық жаңалық