Тараз қаласындағы қамқоршылық үйіне барған белгілі журналист Руслан Өтепбай жаға ұстатарлық деректермен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Журналистің айтуынша, қиын жағдайға тап болған тек Құндыз бен Назгүл ғана емес. 2025 жылдың 29 желтоқсанында Зүлфия Төленоваға қатысты ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар – асыранды балалар.
Балалардың сөзінше, Зүлфия Төленова алкогольдік ішімдік ішкен күйі олардың мазасын алып, бірнеше мәрте қол көтерген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол заң аясында жауапкершілікке тартылады. Бұл істі Жамбыл облысы Полиция департаменті толық әрі әділ тергейді деген сенім білдірілді.