«Өз ағалары зорлаған»: Динара Зәкиева өз туыстарынан босанған жасөспірім қыздар көбей3п кеткенін

Фото: iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Сенатта өткен «Жасөспірім қыздардың құқығын қорғау және ерте жүкті болу фактілерінің алдын алу» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеме жасады.

Ол Түркістан облысына сапары барысында жасөспірімдердің бастан кешкен оқиғаларын естіп шошығанын алға тартты.

Жұмысым осы болған соң мен зорлық көрген балалармен кездесемін, сөйлесемін. Мысалы, жуырда мен Түркістан облысындағы бір орталыққа бардым. Ол орталықта жастары 13 пен 15 аралығындағы 16 қыз тұрады, бәрі босанған. Олар өз ағаларының, көкелері мен туыстарының тарапынан зорлыққа ұшыраған, — дейді Зәкиева.

Ең сорақысы, ол қыздар өздеріне зорлық көрсетіп жатқанын білмеген.

Қыздардың көбі өздері зорланып жатқанын, қылмысқа ұшырап жатқанын білмегенін айтты. Өйткені бүкіл отбасындағы балалар осылай өмір сүреді деп ойлаған. Олар бастан кешіп жатқан қасіреттерін ата-анасына, жақындарына, мектептің психологына айта алмаған, — деп қосты уәкіл.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!