Өскеменнің экологиялық ахуалы: тұрғындар неге алаңдап отыр?

visiteast.kz

Өскемен қаласында ірі кәсіпорындардың бірінде апат болды деген қауесет тарады. Алайда бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының Экология департаменті жоққа шығарды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Департамент мәліметінше, қаладағы кәсіпорындардың бірінде төтенше жағдай болмаған. Бірақ ауа сапасын тексеру барысында хлорлы сутектің (хлороводород) шекті рұқсат етілген бір реттік концентрациясының асып түскені анықталған.Қала тұрғындары экологиялық жағдайға алаңдаушылық білдіруде.