«Ондайлар менде көп»: Олимпиада жүлдегері ең қымбат киімі туралы айтты

Фото: әлеуметтік желі

Ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбай Late night show бағдарламасына берген сұқбатында ең қымбат киімдері туралы айтты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Бағдарлама жүргізушісі Динара Сәтжан ағайынды боксшылардан ең қымбат киімі қанша тұратынын сұрады.

«Менің ең қымбат киімім – шамамен 980 мың теңге тұратын аяқ киімім. Қазір айтсам мақтанғандай боламын, бірақ мұндай аяқ киім менде көп. Киім алсам қуанып, стрессті ұмытамын. Адамдардың бәрі сондай шығар деп ойлаймын. Мұсылман адам өзіне қарап, таза жүруі керек. Басқа ұлттың адамдарына өзінің қалай киінетінін көрсетіп, ең жақсы киіммен, ең жақсы көлікпен жүруі керек деп ойлаймын,», — деп жауап берді Нұрбек Оралбай.

Айбек Оралбай да киімдерінің ішіндегі ең қымбаты аяқ киімі екенін айтты. Оның бағасы шамамен 500 мың теңге тұрады екен.

«Мен Нұрбек сияқты киінбеймін. Ол қолы босай қалса дүкен аралайды. Сауда үйіне кіріп кетсе ұзақ жүреді», — деді Айбек Оралбай.