Олимпиада-2024: Қазақстан қоржынына үшінші жүлде түсті

Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ғұсман Қырғызбаев сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичпен Олимпиаданың қола жүлдесі үшін белдесті. 66 кг салмақ дәрежесіндегі белдесуде қазақстандық дзюдошы «вазари» ұпайымен жеңді.

Бұл — Қазақстан қоржынына түскен Париж Олимпиадасының үшінші медалі. Осыған дейін мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаев қола жүлде еншілесе, дзюдошы Елдос Сметов алтын медаль иеленген еді.

Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде испаниялық дзюдошы Дэвид Гарсиямен кездесіп, қосымша уақытта «вазари» ұпайымен жеңген болатын.

Кейін ол 1/8 финалда Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан, ал ширек финалда Олимпиада қожайыны – Франция құрамасының спортшысы Валид Кхярдан басым түсті. Алайда жартылай финалда Бразилия өкілі Виллиан Лимаға есе жіберіп, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...