Жаңалықтар

"Оқушылар үйден оқиды": Ертең Алматыда тағы да жер сілкіне ме?

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері Алматы мен Алматы облысында 6 қарашада жер сілкінісі болады деген хабарламаға жауап берді, - деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Мұндай хабарлама ата-аналардың чатында тарап кеткен. ТЖМ бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, алдағы уақыттары Алматы мен Алматы облысында 6 балл жер сілкінісі болады деген болжам жоқ. ТЖМ тек ресми ақпараттарға сенуді сұрады. Алматы облысының білім басқармасындағылар да бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, балалар 6 қарашадан бастап офлайн оқиды.
Барлық жаңалықтар