«Әлем аруы» халықаралық байқауына Қазақстан атынан 24 жастағы Мадина Әлмұханова қатысады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Мексикада өтетін байқауда аруға қазақы көйлекті қырғызстандық дизайнер Арзубек Вонама тігіп берді.
Stan.kz мәліметінше, ол әлеуметтік тақырып ретінде Мадина әлем алдында Салтанат Нүкенованың оқиғасын мысал етіп, елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қозғамақ.
Мадина 28 қазанда Мексикаға аттанады. 1 қазаннан 6 қазанға дейін бізде байқауға дайындық жұмыстарына қатысады.
ПІКІР ЖАЗУ