«Некесіз бала тудым, екі рет тұрмыста болдым»: Аида Кауменова жеке өмірінен сыр шертті

Фото: видеодан скрин

Танымал дизайнер, кәсіпкер Аида Кауменова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы.

Сән әлемінің жұлдызы журналист Жанар Байсемізбен сырласты.

“Ол кезде заман қиын еді. 27 жасымда тұңғышымды дүниеге әкелдім. Некесіз қызымды босандым. Ата-анама оңай тиген жоқ. Бірақ бойыма бала біткенде “Өзім бірден дүниеге әкелемін” деп шештім. Көп қыздар баланы алдырып тастап, перзентханаға қалдырып кетті. Мен ата-анамның махаббатына малынып өстім. Өсектеген де, сөз еткен де адамдар болды. Ол кезде мен Италияда оқып жүрген едім. Аудармашы беларусь қызы жанымда болды. Сол мені дәрігерлерге апарып, көмектесіп жүрді. Елге қайтатын кезде анамның сіңлісіне айтып қойдым. Үйдегілер мен келгенде ішімнің шыққанын көрді. Бірақ қатты ұрысып, айқайлаған емес. Қызымды бәрі жақсы көреді”, – деді дизайнер.

Сондай-ақ қызының әкесі басы бос болса да, үйленуге құлық танытпаған.

“Қызымның әкесіне рақмет айтамын. Менің өмірімнің өзгеруіне ықпал етті. Сол кісімен бірге өмір сүргенде екі-үш жылдан кейін ажырасып кетуші едім. Біз жүріп жүрген кезде де ол маған үйленуге қатысты әңгіме қозғамаған. Аяғым ауыр екенін білсе де, алған жоқ. Одан кейін екі рет тұрмысқа шықтым. Бұрынғы жұбайларыммен мінезіміз үйлеспеді”, – деді сән әлемінің жұлдызы.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают мгновенно! В 55 лет можно выглядеть на 25...