Назым Қызайбай «Қарағанды аруы» байқауына қатысады

27 қыркүйекте Назым Қызайбай Қарағандыда өтетін сұлулық байқауына қатысады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қалалық байқаудың қазылар алқасының құрамында болады.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, спортшы қазіргі уақытта Қарағандыға келіп, қатысушыларға кеңес беріп жатыр.

Айта кетейік, Париж олимпиадасында бокстан әйелдер арасында 50 келі салмақта қазақстандық Назым Қызайбай қола медаль иеленген.