Аңдатпа: Мақалада қоғамдық ұйым дегеніміз не, оның ұмдастыру жолдары, аудиторияның жіктелуі қалай жасалады, PR техналогиясының мақсаты мен маңызы жайында айтылады. Одан бөлек, Нағашыбек Қапалбекұлының “Қарашаңырақ” атты шығармасы жоғарыда берілген сұрақтармен байланыстыра отырып, зерттеу.
Аннотиция: В статье описано, что такое общественная организация, как она организована, как классифицируется аудитория, а также цель и значение PR-технологий. Кроме того, работа Нагашибека Капалбекулы «Карашанырак» представляет собой исследование, связывающее ее с приведенными выше вопросами.
Аnnotаtion: The article describes what a public organization is, how it is organized, how the audience is classified, as well as the purpose and significance of PR technologies. In addition, Nagashibek Kapalbekula’s work «Karashanyrak» is a study that links it to the above questions.
Кілттік сөздер: Шығарма, аудитория, қоғам, мәдениет, ұйым, техналогия, жіктеу, оқырман, мақсаты, көзқарас, қызығушылық, міндет, байланыс, жазушы.
Ключевые слова: Произведение, аудитория, общество, культура, организация, технология, классификация, читатель, цель, видение, интерес, задача, общение, писатель.
Keywords: Work, audience, society, culture, organization, technology, classification, reader, goal, vision, interest, task, communication, writer.
Ең алдымен аудитория ұғымын, оның жіктелуін, PR саласының техналогияларын жеті түсініп алатын болсақ. Мақсатты аудитория дегеніміз, белгілі бір ұйымның өз өнімдерімен қанағаттандыра алатын тілектері бар тұтынушылар тобы. Адамдар келесі белгілер бойынша топтарға жіктеледі, яғни олар жынысына қарай, жасына, географиялық орнына, қызығушылықтарына және тағы да басқа осындай сынды өзгешелікке байланысты аудиториялар бөлінеді. Аудиторияны жіктеу, оны сегменттеу сол нарықтағы дұрыс сегменттеулерде үлкен проблемаларға ұшырайды. Науқанды жоспарлау кезінде тұтынушы сегменттерін, содан кейін хабарламаның мақсатты аудиториясын дұрыс анықтау, оның табысының кілті болып табылатындығы білген жөн. Түсіну керек, бірде-бір компания барлық тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, бірден барлық нарықтарда жұмыс істей алмайды, керісінше, егер ол субъектілері оның өнімдеріне қызығушылық танытатын тұтыну нарығына бағытталған болса ғана табысқа жетеді. Демек Аудиторияның сегментациясы не үшін керек? Себебі біз белгілі бір затты кез келген адамға ұсына алмаймыз, ол адамдардың көзқарасының, қызығушылықтарының, ұстанымдарының әртүрлі болуын ескеретін дүние десек қателеспейміз. Аудиторияны жіктей отырып, сіз өзіңіздің ұсынатын затыңызды кімге, қалай ұсыну керектігін біліп отырасыз.
Аудиторияның жіктелуінен кейін Нағашыбек Қапалбекұлының “Қарашаңырақ” атты шығармасына тоқталып, қоғамдық ұйымдардың қалыптасуын сөз ететін болсақ, қоғамдық ұйымдарды қалыптастыру, яғни былай айтқанда қоғамдық бірлестік дегеніміз, материалдық емес қажеттіліктерді қанағаттандыру және жарғылық мақсаттарға жету үшін заңда белгіленген тәртіппен ортақ мүдде негізінде біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі болып табылаты ұйым. Берілген “Қарашаңырақ” атты шығармада дәл осындай бірлестікті байқай аламыз. Ашық айтқанда шығармадағы Мақсат Жанар атты екі жас отау Мәскеуде танысып отау құрғалы жатқанда, отбасысында бір сыр ашылады. Яғни отау құрғалы жатқан екі жас бір біріне туыс болып келіп, туыстығы жеті атадан аспайтын болады. Оны білген туыс тумаластар екеуін айрып, жазалауын сұрайды. Екі жас бір біріне туыстығын білмеген, себебі олардың таныстығы мүлдем басқа қалада, басқа елде болған. Үй ішімен танысқан соңда бұл сыр ашылмаған, себебі Мақсаттың әкесінің соғыс жылдарында елаударған немере інісі болып, көшкен соң орыстанып, араласпай кеткен болатын. Құпия ашылғаннан кейін ауыл үлкені келіп сол әулетті сұраққа тартады. Мақсатың әкесіне неге балаларыңа жеті атасын үйретпейсің, тым құрығанда алар келіннен неге руы, әкесі жайлы бір ауыз сұрамайсың дегенді. Жауап ала алмағандықтан ақсақал екі жасты шақырып, үкімін айтады. Үкімі бойынша Мақсаттың әкесін өлім жазасына кесуді ұйғарады. Алайда бұл тым ауыр жаза болғандықтан, жанындағылар жазаны сәл болсын жеңілдетуді сұрайды. Ойлана келіп сол әулетті шалғай жаққа көшіріп, өздерінің туған жеріне қайта оралмай сол жақта жоғалып кетуін бұйырады. Бұл шешіммен барлығы қуана келіседі. Бұл шығарма үзіндісінен қоғамдық ұйымның қалыптасуын аңғарсақ болады. Жаза қабылдап, екі жастың білместен қосылғанына қарамай, бірден ала сапыран айыптауға көшкендердің барлығының ойы, ұстанымы, айтылған айыптау мен сұраған жазалары бір. Яғни рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жиналған қауымның ой, шешімі бірдей болғандықтан, сол ортаны қоғамдық ұйым немесе бірлестік десек болады. Ал сол ортаның қалыптасуына келетін болсақ, атап айтқандай материалдық мәселеге байланысты емес, салт дәстүрді ұстанатын, мәдениеті мен рухани, діни тәртіп тәрбиесі бірдей көзқараста болатын жандар сол ортаны қалыптастырушылардың бірі болып саналады.
“Қарашаңырақ” шығармасының аудиториясын жіктейтін болсақ, жоғарыда айтқандай көркем әдебиетке, салт дәстүрге, қызығатын жандар осы шығарманың аудиториясы бола алады. Одан бөлек жасына, жынысына келетін болсақ, шығарма түсінікті, әрі оңай тілмен жазылғандықтан жас шектеуі болмауы тиіс, алайда әрине, балабақшадағы балалар бұл шығарманы түсінбейді, сол себепті жасөспірімдер мен ересектерге арналға десек те болады. Бұл шығарма осы жылдың шығармасы болғандықтан оның таралуы, яғни жарнамасы, қоғамда халық аузында жүруі біршама қиын. Шығарманың кең таралуы үшін біршама жұмыс жасау керек, атап айтқанда жарнама, PR жүгініп, аудиториясын кеңейтуге болады.
Ал келесі кезекте PR технологиясына келетін болсақ — бұл процестің тиімділігін арттыруға және қажетті нәтижеге жетуге бағытталған жүйелік функцияларды жүзеге асырудың әдістері, тәсілдері, құралдары және процедураларының жиынтығы. PR технологиясы PR стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.
Зерттеу барысында белгілі бір кітап болсын, әңгіме, поэзия, шығарма олардың да өзінің тұрақты нарығы болады. Яғни оқырмандары. Ол оқырманды жіктеу тікелей авторға байланысты болады. Әрине, автор аудиториясын жетік секменттегенімен, оқырман қауым арасына мүлде ойламаған аудитория қауымы болуыда мүмкін. Мысалға тек әйелдерге арналған, әйел өміріне, психологиясына қажет шығармаларды ер адамдарда оқып қалып, қызығушылық танытатыны жалған емес. Кейбір туындылар нарығы жас мөлшерге қарай сегменттеледі. Ересектер оқитын дүниесін балалар, жасөспірімдер түсінбейтін кездерде болады. Ондай шығармалар күрделі, оқылымы қиын болатыны айғақ. Бірақ шығарма қандай болмасын, жіктелу ерекшелігіне байланысты өзінің аудиториясына жететіндей белгілі бір, атап айтқанда миссиясы болу керек. Ал сол миссия деп біз PR-техналогиясын айтсақ болады.
Жоғарыда атап айтқандай PR техналогиясының мақсаты нарықта өзінің ұсынып отырған затын алға қарай белгілі бір стратегиялармен, жүйелік функциялармен жылжыта отырып, оның тиімділігін арттыру болып табылады. Ал PR-стратегиясына келетін болсақ – бұл PR жоспары немесе PR бағдарламасы негізінде белгілі бір мақсатқа жету және мәселелерді шешу үшін әрекет ететін модель десек болады. Стратегия құрылым, айқындық, нақтылық, сенімділік және т.б. сияқты сипаттамалармен сипатталады. PR-стратегиясы PR бағдарламасы арқылы жүзеге асады — нақты стратегияны жүзеге асыратын арнайы әзірленген іс-шаралар. PR стратегиясы негізі тиімді коммуникация құралы болып табылады, ол әдетте PR тұжырымдамасының құрамдас бөлігі болып келеді.
Дәл осы тұста Нағашыбек Қапалбекұлының “Қарашаңырақ” атты шығармасының алға жылжыту техналогиясына келетін болсақ, оған ең алдымен стратегия құру маңызды. Мысалға дәл осы тұста бізге PR технологияларының мақсаты айқындалады, яғни әлеуметтік тұтынушылардың пікіріне әсер ету дәл осы саланың мақсатының бірі. PR субъектінің оң имиджін жасау, яғни қазіргі таңды автор Нағашыбек ағайды және шығармаларының имиджі бойынша жұмыс жасау, шығарманың беделіңізді сақтай отырып, әрі қарай дамытып. негативтен арылу. Бірақ зерттеу бойынша автордың шығармаларында, алып отырған әңгімеді негатив жоқ екендігін айта кеткен жөн деймін. Кейін тұтынушыларды тарту және нарықта өз орнын алу. Бұл тұста оқырмандардан түскен көптеген жағымды пікірлерді әлеуметтік желіде тарату, ең тиімді жолы болмақ. Мақсатты аудиториямен өзара әрекеттесуді жақсарту, яғни бұл тұста оқырмандардың шығарма бойынша, не яки автордың жеке өзіне деген сұрақтарға жауап бере отырып, басқада оқырман, яғни аудитория жинауға болады.
Қорытындылай келе кез келген елде болсын, қала, ауланғ ауыл, тіпті көшеде, жалпы қоғамды өзіндік бір рухани жағынан, түсіністік пен көзқарастардың ұқсастығынан туған қоғамдық ұйым, бірлестіктер болады. Егер сіздің ойыңыз, ұстанымыңыз, қызығушылығыңыз басқа адамдармен бірдей келсе, демек сізде сол қоғамдық ұйымның бір бөлігі болып саналасыз. Ол ұйымдар көзге көрінбегені мен бар екендігі және қоғамда пайдасы да, зияныда болатыны рас. Одан бөлек сіз белгілі бір жеке өніміңізді шығарып, сол бір өнімнің алға қарай жылжуын қаласаңыз сіз түратын қоғамдың үйым санасымен сай болып болмауыда екіталай. Сондықтан сізге міндетті түрде аудитория сегментациясы қажет. Оны сегменттеу, яғни жіктеу үшін ең алдымен шығарып жатқан өніміңіз кімге деген сұраққа жауап беруі тиіс. Сол өнімнің аудиториясында ортақ қызығушылық пен ортақ көзқарастар бола ала ма, ары қарай дамыту үшін жағымды дүние бола ма немесе оның өшпеуі неге байланысты екенін ұмытпай зерттеген де жөн. Ал бұп процесске тікелей PR саласы маңызды болып келеді. Оның техналогиялары мен стратегияларын біле отырып сіз нарықта тек сол енді шыққан өнімді ғана емес, сонымен қатар кейінгі өнімдеріңізге деген сұраныстарды, өзіңіздің имиджіңізді жасай аласыз. Бұл әрине улкен жетістік екендегі жалған емес.
Аты жөні Абдрахман Ақерке Саматқызы
Орындаған: Абдрахман Ақерке Саматқызы
Тексерген: Тулекова Гулжан Қажымұратқызы
ПІКІР ЖАЗУ