Алматы полиция департаменті фильмнің түсірілімі туралы қала тұрғындарына үндеу тастады.
«Қалада 2011 жылы Таразда болған оқиғаны қайта қалпына келтіретін «Капитан Байтасов» көркем фильмінің түсірілімі жүргізілуде», — деп атап өтті полиция.
Сағат 16.30-дан 19.30-ға дейін түсірілім кезінде бос патрондар атылып жатқан көріністер қайта жасалады. Тұрғындарға сабырлылық пен түсіністікпен қарауды сұрады.
ПІКІР ЖАЗУ