Мьянмада бір апта аза тұту күні жарияланды

Фото: РИА Новости

Мьянма премьер-министрі Мин Аун Лайн жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты 31 наурыз бен 6 сәуір аралығын ұлттық аза тұту деп жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Адамдардың қаза табуына байланысты 31 наурыздан 6 сәуірге дейінгі аралық ұлттық аза тұту деп белгіленді», — делінген хабарламада.

28 наурызда ел аумағында жойқын жер сілкінісі болды. Оның магнитудасы 7,9 балл болған. Жер сілкінісі көршілес Таиланд еліне де әсер етті, Қытай мен Вьетнамда жер асты дүмпулері сезілді.