Қытай қазақтары туралы «Менің Алтайым» атты 8 бөлімнен тұратын туынды Қытай Орталық Телевизиясы CCTV-1 телеарнасындағы қаралым рейтингі ең жоғары телехикая атанды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Рeople.com сайтының хабарлауынша, телехикая көгілдір экранға шыққан алғашқы күні-ақ бірінші орынға шыққан.
Сондай-ақ Қытайдың онлайн видео платформасындағы телехикаяның көрілімі алғашқы екі күнде 10 миллионнан асты. Ал қытайлық 抖音(Tiк Tok) және 微博(Weibo) әлеуметтік желілерінде «Менің Алтайым» ең көп ізделген сөзге айналған.
Zhihu.com сайтының хабарлауынша, «Менің Алтайым» туындысы қытайлықтардың Шыңжаңға көптеп саяхаттап келуіне себеп болған. Бұл күнде, телехикая түсірілімі болған әсем тәбиғатқа келушілер саны артып, жергілікті қонақүйлерге тапсырыс артты.
«Менің Алтай» дорамасы бізді Солтүстік Шыңжаңның таңғажайып әлеміне, оның шексіз пейзаждары мен қатал климатына баурады. Сериалды көргеннен кейін біз мұнда келуді армандадық. Міне, біз осындамыз! Әдемі Алтай пейзаждары шынымен де ғажап», – деді пекиндік турист Ши Чэньчэнь.
«Маған бәрі қатты ұнады! Бұл қызықты әрі заманауи көрінеді. Керемет туынды», – деді Ганьсу провинциясынан келген турист Дан Чжаньхун.
Айта кетейік, «Менің Алтайым» телехикаясы жазушы Ли Цзуань шығармасының желісі бойынша түсірілген. Басты рөлдерде қытайлық танымал актер Ма Йили және Чжоу Иран, шыңжаңдық қандасымыз Алма мен Қайрат ойнайды.
Шығарма 2010 жылы жарық көрген. Онда жазушы Ли Цзуань анасымен бірге Алтай аймағының қазақ ауылындағы бастан кешкен оқиғалары, көркем табиғат пен қазақтардың тұрмыс-тіршілігі суреттеледі.
Телехикаяда Алтайда шағын дүкен ашқан Хань қызы Ли Вэньсю мен оның жанұясының жергілікті қазақ малшыларымен байланысы, арақатынасы туралы баяндалады.
ПІКІР ЖАЗУ