Бұл туралы партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Танымал әншінің әкесі: Мәжіліс депутаты мандатынан айырылып, партиядан шығарылды
«А.Садықовтың партиядан шығарылғаны жөнінде журналистердің толассыз сұрақтарына түсініктеме бере кетейін. Партиямыздың атына А.Садықовқа қатысты бірқатар шағымдар түсті, онда айтылған жайттар пленумда қаралып, тиісті шешім шығарылды. Шағымдардың дені оның теріс іс-әрекеттеріне, атап айтқанда, өкілеттігін асыра пайдалану мен этикалық нормаларды бұзуына байланысты болды», — деп жазды ол өзінің Telegram арнасында.
Депут шағымдардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке фактілер келтіруге болғанымен, бір ғана мысалды атап өту жеткілікті деп есептейтінін жеткізді.
«Мәселен, парламентте (партияда емес) жұмыс істейтін бір әйел адам А.Садықовтың бірнеше рет ұятсыз ұсыныстар жасап, қысым көрсеткені туралы айтып арызданды. Ол өзінің сөзіне дәлел ретінде ватсабына А.Садықовтан келіп түскен хабарламалардың скринін көрсетті (этикалық себептертерге байланысты оның бопсалауына тап болған аталған жәбірленушінің есімі жасырылған).
Арызданушы 17 сәуірде өзіне жазылған мұндай қорлау ұсыныстарды жауапсыз қалдырып, елемеген екен. Алайда, 15 мамырда бұл әрекеттер тағы қайталанған және арызданушының айтуынша, А.Садықов жыныстық бопсалауды жүйелі түрде басқа күндерде де жалғастырған.
Бірақ, А. Садықовтың депутаттық қол сұғылмаушылыққа ие екендігуне байланысты, харрасментке тап болған жәбірленуші құқықтық қорғауға жүгіне алмаған. Пленум барысында осындай әшкере болған заңсыз әрекеттерге жол берілмейтіндігі туралы ескертуіме жауап ретінде А.Садықов «өзінің депутат екенін және кімге не қаласа соны айтуға құқылы екендігін» айтты», — деп атап өтті партия басшысы.
Азат Перуашев А.Садықовты депутаттық мәртебесінен айыру туралы қабылданған шешім жәбірленушіге ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға мүмкіндік беретінін жеткізді.
«Оның лайықсыз мінез-құлқының басқа да фактілері бар, соның негізінде осындай шешім қабылданды. Олардың кейбіреулері құқық қорғау органдарының да назарын аударуы мүмкін, ондай жағдайда қажетті көмек көрсетуге дайынбыз», — деді Мәжіліс депутаты.
Айтуынша, «өте лас жағдай орын алған».
«Біреудің хабарламаларын оқып, оны жариялауға еш құлқым жоқ еді. Алайда, біздің үнсіздігімізді біреулер басқаша түсінген сияқты, сұхбаттың бірінде өзін 1937 жылғы репрессиялар құрбандарымен салыстырып, «шындық» үшін жазым болғандай қылып жеткізген А. Садықов та соған себепші. Бұл «шындықтың» да шынайы бет жүзін көрсетуге мәжбүрміз, одан басқа да эпизодтар мен құжаттар жетерлік. Пленум нақты фактілерге сүйене отырып А. Садықовты партиядан шығару туралы шешім қабылдады. Соның ішінде, бұл жағдайлардың (бірнешеу) одан да қауіпті салдары болмас үшін. Өзге адамдардың ар-намысы мен жеке өміріне қатысты болғасын бұл жағдайды көпшілік алдына шығару маған өте жиіркенішті болса да, осы мәселе төңірегіндегі дау-дамай мен алып-қашпа әңгімелердің нүктесін қоюға мәжбүрмін», — деді «Ақ жол» партиясының төрағасы.
View this post on Instagram
ПІКІР ЖАЗУ