«Астана» мен «Ақтөбе» футбол клубтарының арасындағы Қазақстан Премьер-лигасының матчына барар жолда «Астана» жанкүйерлерінің тобы ауыр ЖКО-ға тап болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Төрт жас КПЛ 24-ші турының жекпе-жегіне өз командасын қолдауға бара жатқан, бірақ апат қайғылы оқиғамен аяқталды: олардың бірі, Нұрлан Ауғанбай, алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Sport +.
Қалған үш жанкүйер түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қайғылы оқиғаға байланысты «Астана» басшылығы сағат 18:00 Алматының Орталық стадионында өтетін ойынның алдында Нұрланды бір минут үнсіздікпен еске алуға шешім қабылдады.
Ақпарат cmn.kz сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ