Танымал продюсер Баян Алагөзова кіші қызын қырқынан шығарды, деп хабарлады ozgeris.info.
Продюсер Баян және оның жары Тұрсын Алагөзовтар Алма есімді қызын қырқынан шығару рәсімін тойлады. Бұл туралы Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында бейне жариялады. Бейнеде келген қонақтар медициналық бетперде киіп отырғанын байқауға болады.
Ал продюсердің өзі бақытты екенін жеткізді.
«Бақытты іздеудің қажеті жоқ. Бақыт біздің ішімізде, оны тек бөліскенде бақытты бола түсесің, Бүгін бақытты күн», — деп жазды Баян Алагөзова Instagram желісіндегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ