Мақаттағы жұмыссыздық мәселесі: тұрғындар талап етуден шаршады

Мақат ауданында жұмыссыздық мәселесі бұрыннан бері өзекті. Жергілікті тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасамыз деп үміттенгенімен, олардың өтініштері жауапсыз қалып келеді.

18 наурызда өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі де күткен нәтиже бермеді. Жәрмеңкеде түрлі компаниялардың бос орындары ұсынылғанымен, кейбір компания өкілдері мүлде келмеген, ал келгендер тек бір-екі ғана жұмыс орнын ұсынған.

 

«Балаларға киім алу керек, бірақ ақша жоқ»

Жәрмеңкеге келген Мақат тұрғыны Жайнагүл Оразова шараға ашынғаннан барғанын айтады.

– Төрт балам бар, жолдасым былтырдан бері жұмыссыз. Балаларға киім, азық-түлік қажет, коммуналдық төлемдерді төлеуім керек, бірақ ақша жоқ. Әкімдік көмек ретінде рожки мен вермишель берді, бірақ балалар тәтті жегісі келеді ғой. Бізден не қажет екенін неге ешкім сұрамайды? – дейді ол.

Оның айтуынша, жәрмеңкеден бір күн бұрын 40-тан астам жұмыссыз аудан әкімдігіне барып, жұмыс талап еткен. Сол кезде оларға 18 наурыз күні бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтетінін, оған жету үшін арнайы автобус бөлінетінін айтқан.

«Жұмыс табамыз» деген үміт тағы да үзілді

Жәрмеңкеге жұмыс табамын деген үмітпен келген тұрғындардың көңілі тағы да су сепкендей басылды.

– Жәрмеңкеге бару үшін автобустар ұйымдастырды. Бірақ әкімдік ғимаратына келіп, ішке кіре алмаған алты адам болды. Олар бірнеше сағат бойы күткенмен, ешкім қабылдамады, – дейді Жайнагүл Оразова.

Оның айтуынша, жолдасын 8 наурызда жұмысқа шығады деп айтқанымен, ол жұмысқа бармаған. Кейін 10 адамды 11 наурызда жұмысқа жібереді деп уәде еткен, ал қалғандары 11 сәуірде ғана жұмысқа тұруы мүмкін депті. Ал жәрмеңкеде 24 сәуірден бастап жұмыс орындары ашылады деген жауап алған.

– Біз кімге сенерімізді білмейміз, уәделерден шаршадық, – дейді тұрғындар.

Ж.Оразова күйеуінің Ескендегі газ құбыры құрылысында арматурашы болып жұмыс істегенін, кейін жұмыс аяқталған соң жұмыссыз қалғанын айтты. Ол біраз уақыт Теңіз кен орнында аула сыпырушы болып істеген, бірақ өзінің негізгі мамандығы – арматурашы болғандықтан, сол саладан жұмыс іздеп жүр.

– Ескенде жергілікті тұрғындар да жұмыс істейді, бірақ Мақат пен Доссордың азаматтары өте аз, – дейді ол.

 Мақаттықтар енді облыс орталығына барып, облыс әкімінен жұмыссыздық мәселесін шешуді талап етпек.

Мақат ауданы әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңке кезінде жұмыссыз жүрген 100-ге жуық аудан тұрғындары түйіндемелерін қалдырған.

Іс-шараға «KazGlobalSolution» ЖШС, «COC Realty» ЖШС, «Кәсіби Таңдау» ЖШС, «АТКС» ЖШС, «Сапсан» ЖШС, «Barys.kz» ЖШС, «GPC Investment» ЖШС, «КазСервисГруп» ЖШС, «Nasar Saloution» ЖШС, «Кәсіби Таңдау»,«KazBoltService»ЖШС, «АтырауНефтеМаш» ЖШС мекемелері, сондай-ақ аудан аумағындағы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Мақат желілік өндірістік басқармасы, Мақат аудандық білім бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, полиция бөлімі және Мақат ауданы әкімі аппараты қатысып, аталған мекемелер 90-ға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды, деп хабарлады аудан әкімдігі.

 

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец