Аймақта кеше түннен бері толассыз қар жауып тұр.
"Қазгидрометтің болжамы бойынша белсенді оңтүстік циклонымен байланысты 21-28 ақпан аралығында Маңғыстау өңірінің басым бөлігінде күн жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Қар және қар аралас жаңбыр жаууы, жел күшеюі, тұман түсуі, көктайғақ болуы ықтимал. Ауа температурасы түнде 0-8 градустан -5-10 градусқа дейін төмендейді. Ал, күндіз -3+2 болады", - дейді "Қазгидромет" РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамдары басқармасы департаментінің жетекші инженері Ақнұр Тоқтарова.Ал, Ақтауда жолдарға тұз аралас құм себіліп жатыр.
"Түнгі кезекшілікте автомобиль жолына 50 тонна құм-тұз аралас қоспасы себілген. Күндіз жұмыстар қайтадан жалғасып, жолдың қауіпті жерлеріне 15 тонна тұз аралас құм себілуде. Коммуналдық мекемелерден 400-ден астам жұмысшы жұмылдырылды", - деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.