Жыл сайын мыңдаған оқушы мектепті бітіріп, үлкен өмірге қадам басады. Барлығын толғандыратын тек бір сұрақ «Қандай маман иесі атанамын? Қандай оқу орнына түсемін?» Қазіргі кезде, технологияның дамып жатқан кезіңде мамандық таңдау оңай емес. Бір мамандық жойылып жатса, екіншісі пайда болып, ендігісі дамып жатады. Оған қоса, ішкі жан дүниеннің нені қалайтынын біле алмайсың, өйткені, шынымен де қайсы істің саған ұнайтынын түсінбейсің.
Мамандықты қалай таңдаймыз? Мамандық таңдауда неге сүйенеміз? Жоғары жалақы ма, әлде, сүйікті іспен айналысу ма?
Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Мамандардың зерттеуі бойынша, жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге болады ма? Әлде, мамандықты жауапкершілікпен таңдап, болашақтағы қызметіне дұрыс дайындалу керек шығар?
Көптеген жас түлектер мектеп бітіргенге дейін, қандай мамандықты таңдайтынын білмейді. Кейін ҰБТ тапсырып, жинаған ұпайы қандай мамандыққа жетеді, сол мамандыққа түсетін кездер де жиі кездеседі. Алайда, амалсыздан түскен мамандық, болашақта сізге пайдасын тигіземе, сол мамандық бойынша жұмыс жасайсыз ба? Бұл да белгісіз…
Мамандықты қалай таңдаймыз?
- Жалпы, мектепте біз әртүрлі пәндерді оқимыз. Мысалы (математика, физика, әдебиет, музыка, биология және т.б.) Осы пәндерді оқи отырып, біз қай саланың бізге жақын екенін түсіне аламыз. Көптеген оқушылар бұл пәндер бізге керек емес деген пікірді ұстануы мүмкін. Бірақ осы мектептегі пәндер біздің қызығушылығымызды оятып, мамандық таңдауға өз әсерін тигізеді.
- Хоббиді мамандыққа айналдыру. Әр қайсысымыздың бос уақытта айналысатын сүйікті ісіміз болады. Мысалы: егер сіз өнерге жақын болсаңыз, бимен айналыссаңыз, болашақта хореограф бола аласыз. Яғни, өзіңіздің хоббиіңізді, болашақ мамандығыңызға айналдыруыңыз әбден мүмкін.
- Кей уақытта адамдар шешім қабылдай алмай, таңдау жасай алмайтын кездер болады. Ол кезде жақындарынның пікірі жақсы әсер тигізуі мүмкін.
- Кейбір адамдар мамандықты тек жоғары жалақысы үшін таңдайтыны да өтірік емес. Бірақ, күнде таңертен сол жұмысқа барғын келмесе, жанын қаламаса, жоғары жалақының несі жақсы. Сондықтан жан дүниеңіз қалаған мамандықты таңдап, еңбек жолында көтеріліп, жақсы табыс тапқанға не жетсің.
- Өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді саралауды үйреніңіз. Ең бастысы өзіңіздің ішкі жан дүниеңізге үңіліп, нені қалайтыныңызды түсініп алыңыз. Сүйікті ісіңізбен жұмыс істеп, одан ләззат алғыңыз келсе, өзіңіздің қалауыңыз бен хоббиіңізді жақсы білуіңіз керек.
Өкінішке қарай, бұл жағдайларды ескере отырып та, таңдаудан қателесуіміз мүмкін. Көпшілігімізге өмірден өз жолымызды табу үшін, көптеген жылдар қажет. Егер таңдаған мамандығыңыз ұнамаса, оны өзгертіңіз. Ешқашан да кеш емес! «Дұрыс мамандықты таңдау – болашағымызды таңдау» екендігін ұмытпағанымыз жөн!
Аружан Асылбекқызы
ПІКІР ЖАЗУ