
"Біз көп жылдық жұмысымыздың нәтижесі ретінде бүгін астана маңына үш бірдей құрама жем өндіру цехтарын ашып жұмыс істеуді бастадық. Өнімімізді «BioFeed» деп атадық. Бұл фитобиотикалық жем қоспасы. Негізінен ірі қара малдың өнімділігін арттыру үшін дайындалатын өнім. Өздеріңіз білесіздер кез келген мал күйіс қайтарады. Олардың ас қорытуының физиологиялық процестерін ынталандыруға арналған, биологиялық белсенді заттардың көзі болып табылады. Екінші жағынан биологиялық белсенді азық қосымшасы малдың иммунитетін жоғарлатуда септігі мол", – дейді Юрий Балджи.Кейде біз отандық ғалымдардың жасап шығарған өнімдеріне деген сенімсіздік, немқұрайлылық танытатынымыз шындық. Біз ғалымнан аталмыш жем қоспасының мал үшін және мал азығы мен өнімін тұтынушы адам үшін зиянды қасиеттерінің бар-жоғы турасында сұрап, азықтың құрамы мен жасалу жолдарын білген едік.
"Бұл биологиялық белсенді компоненттер. Біз өз өнімдеррімізге ешуақытта химиялық заттар қоспаймыз. Химияның адам мен жан-жануар үшін тіпті экология мен тағам қауіпсіздігі саласында да аса қауіпті екені белгілі. Егер өнімдерімізден химиялық құрам анықталса жағдай қиын болады", - дейді ғалым.


"Егер экструдтау әдісі қолданылмаған жағдайда малға берілген азықтың 50-55 пайызы қалдық ретінде сыртқа шығарылады. Ал экструдтау әдісі қолданылған құрама жем жеген малдан тек 5 пайызы ғана сыртқа шығады. Біздің ғылыми дәлеліміз бойынша жемнің 95 пайызы азық ретінде малдың бойына дариды. Бұл дегеніміз өз кезегінде мал өнімінің ұлғаюына және етті малдың салмақ қосуына ерекше мүмкіндік туғызып отыр", - дейді Юрий Балджи.Бұл өнімді пайдалана білген шаруа қожалықтар өз кезегінде мал азығын екі есе үнемдейді. Ғалымдар құрама жемді дайындау барысында жем құрамына фитобиотик қосатындыған айтып отыр. Фитобиотиктер дегеніміз – организмге ерекше әсер ететін әртүрлі өсімдіктердің сығындыларынан тұратын мал азығына пайдалы қоспа. Құрамында Май қышқылдары (55%) – стеарин, олеин, пальмитин және т.б.;
- Флавоноидтар (6,78%) – пиностробин, пиноцембрин, хризин;
- Органикалық қышқылдар (2,5%) – гликоль, алма, лимон;
- Фенол қышқылдары (2%) – популин, салицин;
- Көмірсулар (1,9%) – глюкоза, фруктоза, рибоза; эфир майлары (1%);
- А, С, Р, В12 витаминдері;
- Микроэлементтер (мг/кг) – йод (1058), мырыш (52), марганец (8,25), мыс (6,17), кобальт (0,015);
- Амин қышқылдары – аспарагин, аланин, валин, лейцин;
- Фенолгликозидтер – популин, салицин және басқа кластағы қосылыстар жоғары биологиялық белсенділік көрсетеді.
"Алғашқыда ірі қара мал үшін дайындалған азық өнімі қазір ұсақ малдар мен өзге де үй жануарлары үшін әзірленіп, ғылыми дәлелдер, тұжырымдар бекірітуде. Бұл біз үшін жаңа бір қадам, жаңа бір мүмкіндік болмақ", - дейді Юрий Балджи.
Бердібек Хабай