Жаңалықтар

Ұшатын такси пайда болмақ

Қазақстанда аэротакси енгізу жобасы қолға алынып жатыр.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл бастама аясында ұшатын көліктерді қолданысқа енгізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған, деп жазады Ozgeris.info.

Оған мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар тартылған. Жоба шеңберінде аэромобильдердің ауа райының барлық жағдайындағы жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру үшін көктем, жаз, күз және қыс мезгілдерінде сынақ рейстері ұйымдастырылады. Осы мақсатта арнайы тестілеу орталығы белгіленіп отыр. Ұшу нәтижелерінің қорытындысы бойынша аэротакси қозғалысын реттейтін нақты механизмдер әзірленіп, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін түзетулер пакеті дайындалады. Алғашқы сынақтар Алматы қаласы мен Алматы облысында өтеді. Егер бұл кезең сәтті аяқталса, аэротакси қызметін еліміздің басқа өңірлерінде де енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Қазіргі таңда министрлік ұшатын көліктерді жеткізуі мүмкін компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Көлік құралдары сатып алынған соң сынақтық ұшулар басталады. 
Барлық жаңалық