2024 жылдың 2 шілдесінде Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Бакудегі елшісіне ресми нота табыстады. Себеп — AZAL әуе компаниясының Ақтауда апатқа ұшырауы және Ресейдегі әзірбайжан азаматтарына қарсы әрекеттер деп хабарлайды ozgeris.info сайты smartnews.kz сайтына сілтемемен.
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған AZAL ұшағы Ақтау маңында құлаған. Мәскеу бұл оқиғаға байланысты ашық тергеу де, түсініктеме де берген жоқ. Бакуде бұл үнсіздік наразылық тудырды. Кейін ресейлік ұшқыштың түсініктемесі жарияланып, ол әуеде белгісіз нысананы жою туралы бұйрық алғанын айтқан.
Сонымен қатар, 27 маусымда Екатеринбург қаласында әзірбайжан диаспорасына қарсы рейдтер өтіп, 50 адам тергеуге алынды. Екі адам қаза тапты. Әзірбайжан бұл әрекеттерді этникалық қысым деп бағалауда.
«Sputnik-Азербайджан» редакциясына қатысты тергеулер де екі ел арасындағы шиеленісті күшейтті. Баку Ресейге: «Қысым – көршілікке жат қылық» деп ескерту жасады.