"Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген Ақорда сайтында.Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген ол өзінің еңбек жолын "Казахойл-коммерция" серіктестігінде мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. Кейін "Бұлақ" ЖШС директорының орынбасары, "Стандарт ОйлБейс" және "Стандарт ОйлТрейдинг" ЖШС-лерінің директоры, "СтандартГаз" ЖШС директорының орынбасары, "ХаррикейнОйлПродактс" ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры, "ҚызылордаМұнайСервис" ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған.Сондай-ақ ол 2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2008-2013 жылдары Шиелі ауданын басқарған. 2013 жылы Қызылорда қаласының әкімі болды. 2021 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Қызылорда облысының жаңа әкімі — Бердібек Сапарбаевтың інісі.
"ozgeris.info".