Қуаныш Жұмабекұлы «Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі
Жаңалықтар
Ринат Заитовтың шығармашылық кеші өтті
4 мамыр күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында кесек талантты, есімі ел аузында құрметпен аталатын танымал айтыскер ақын Ринат Заитовтың «Мен сендерді жақсы көремін, адамдар» атты музыкалық кеші аншлагпен өтті. Ринат Заитовтың жақын туыстары, ұстаздары, өнер жұлдыздары да қатысты.
Көрермен ойының жиегін жыртып, алапат сезімге бөлеген өлеңдері, әндері (ақынның сөздеріне жазылған) көңіл пернесін дөп басқандай. Әке, ана, махаббат, бала тәрбиесі, туған жер, өмір, Қаңтар оқиғасы т.б. сан түрлі тақырыптар қамтылды. Жол біреу болғанымен, бұрылысы көп өмірде өз бағытын тапқан ақынның кеші психологиялық иірімге құрылып, көрермендерді эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып, сай-сүйектерін сырқыратты десек артық болмас. Сөз байлығын жинаған халқымыздың ұлы «Менің бар жинағаным өлең ғана. Келсін де ала берсін, ала алса егер», – деп отты сөздерін де айтып өтті. Қазақтың «Ер жігіттің тағымен талассаң да, бағымен таласа алмайсың» дегені де еріксіз ойға оралады екен. «Мен саған жаман әке болсам дағы, сен маған жаман бала бола көрме», «Мен сенің шаранаңда жатқанымда, мен сенің жүрегіңнен ұстағанмын» деген сияқты әке, ана, ұрпаққа арнаған ойлы сөздері талайдың есінде қалары анық. Музыкалық кеш таптаурындықтан ада ерекше формаға құрылған. Сахнаның әрленуі, дыбыс, жарықтың қойылуы да сәтті.
Кеште Ринат Заитовтың сөздеріне жазылған «Өмір жолы» (әні: А.Дүйсенов), «Әке» (әні: Н. Шөкенов), «Менің қызым» (әні: Е.Айтымбетов), «Мен оны ойласам» (әні: С. Ермахан), «Ғажайып түн» (әні: А. Сабетов), «Ханшайымым-ау» (әні: Ғ. Шүренбайұлы), Терме (мақамы халықтікі), «Өмір-өзен» (әні: Ұ. Жолдасов), «Ана» (әні: Е. Айтымбетов), «Туған жер» (әні: А. Дүйсенов), «Елге тілек» (әні: Н. Әбдіразақов) атты әндер орындалды. Шараның өтуіне Жұлдызбек Жұманбай (қоюшы режиссер), Ермек Меденов (саксафон, вокал, бэк-вокал), Азат Дулатұлы (домбыра , вокал, бэк-вокал), Әсет Есжан (вокал), Құралай Утепова (вокал, бэк-вокал), Руслан Бағашар (ұрмалы аспап), Құштар Қуантайұлы (гитара, бэк-вокал), Айсәуле Қайырғазина (вокал, бэк-вокал), Нұрболат Қыдырбаев (қыл қобыз), Айдана Жакен (флейта), Тұрсынай Әлібекқызы (жетіген), Дәурен Садықов (bass гитара), Ажар Қадылбекова (прима-қобыз), Нариман Абдрахманов (вокал, бэк-вокал), Ерсейіт Әлиев (жыршы), Едіге Байгелдин (дыбыс режиссері), Руслан Құдайбергенов (жарықпен әрлеуші) және т. б. өз үлестерін қосты.
Шерхан Мұртаза «Ай мен жұлдыз болмаса, қараңғы түнде адамдар адасар еді. Өнер дүлдүлдері болмаса, мына күйбең тіршілікте адамдардың көңілін кір басар еді», – дейді. Қазақ өнерін өрге тартар өнер иелері көп болғай!
-
«Суретке түспейік деп келмеңіздер»: Жанар Айжанованың қызы жұртқа шарт қойды
21:41, 26 маусым 2025
-
Алматы облысында анасы мен баласы суға батып кеткен
17:09, 26 маусым 2025
-
ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлектерге автокөлік пен пәтер тарту етілді
16:55, 26 маусым 2025
-
Халықаралық көрме алаңы: Астанада көлік пен құрылыс индустриясының үздіктері бас қосты
16:25, 26 маусым 2025
-
"Алла сақтады": Досымжан Таңатаров бір ажалдан қалғанан айтты (ВИДЕО)
16:05, 26 маусым 2025
-
Талдықорғанда жасөспірімдер төбелесіп, 1 адам көз жұмды (ВИДЕО)
15:23, 26 маусым 2025
-
"27 жыл бірге тұрдық": Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелі туралы айтты
14:51, 26 маусым 2025
-
-
Ауылдарға интернет жеткізіледі: Қазақстан 46 млрд теңге көлемінде қарыз алады
12:53, 26 маусым 2025
-
"Анама ренжідім": Наркенже Серікбаеваның қызы жазба жариялады
12:33, 26 маусым 2025
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Анама ренжідім": Наркенже Серікбаеваның қызы жазба жариялады
12:33, 26 маусым 2025
-
"27 жыл бірге тұрдық": Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелі туралы айтты
14:51, 26 маусым 2025
-
"Алла сақтады": Досымжан Таңатаров бір ажалдан қалғанан айтты (ВИДЕО)
16:05, 26 маусым 2025
-
«Екінші әйелі»: Танымал актер өзінен 21 жас кіші қызға үйленді (ВИДЕО)
06:07, 26 маусым 2025
-
Талдықорғанда жасөспірімдер төбелесіп, 1 адам көз жұмды (ВИДЕО)
15:23, 26 маусым 2025
-
-
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Иран Қазақстан үшін неге маңызды - сараптама
23:16, 25 маусым 2025
-
Уәде көп, нәтиже қандай болмақ? «Қазақстан балалары» бағдарламасынан не күтеміз?
00:27, 26 маусым 2025
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Иіскегім келеді": Филармония директоры әншіні сотқа беретінін айтты (ВИДЕО)
11:20, 24 маусым 2025
-
"Аузы жаман, аяғы лас": Наркенже Серікбаева сынға ұшырады
09:56, 25 маусым 2025
-
Құрылыс нарығы қандай алпауыттардың қолында? Олар кімдер және даулы оқиғаларына шолу
17:55, 20 маусым 2025
-
Елдос Сметов пышаққа түсті
15:17, 23 маусым 2025
-
-
Мемлекет басшысы ауыл полицейлерінің еңбек өтілін 1,5 жыл деп есептеуді ұсынды
16:41, 23 маусым 2025
-
Айсәуле Бақытбек ауыр қайғыдан кейін жан сырын бөлісті
16:59, 25 маусым 2025
-
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Нарық кімнің қолында? Монополияны билік өзі жасап, өзі жойып жатыр ма?
16:48, 05 маусым 2025
-