Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде адам өміріндегі қуаныш күту сезімі, жоспар құру және мотивация туралы пікірін жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оның айтуынша, бақыт сезімі адам өмірінде үздіксіз сақтала бермейді. Алайда алда болатын жақсы сәттерді күту адамның көңіл күйіне оң әсер етіп, өмірге деген қызығушылығын арттыруы мүмкін.
Ләйлә Сұлтанқызы қазақ қоғамында ортақ қуанышқа ұмтылу, той мен мерекені алдын ала жоспарлау мәдениеті ерекше қалыптасқанын айтты. Оның пікірінше, адамдардың отбасылық мерекелер мен маңызды күндерді күтуі күнделікті өмірге серпін береді.
Сондай-ақ тележүргізуші мұны адамның ішкі мотивациясымен байланыстырды. Оның сөзінше, кей жағдайда мұндай күтулер адамның өзін дамытуына, сырт келбетіне мән беруіне және жаңа мақсаттарға ұмтылуына ықпал етеді.
Жазба соңында ол ысырап мәселесі бұл ойдан бөлек тақырып екенін айтып, негізгі назар қуанышты күте білудің адам өміріндегі маңызына аударылғанын жеткізді.