Жаңалықтар

Қазақстан Ұлттық гвардиясының хоры ресейлік шоуда төрешілерді таң қалдырды (ВИДЕО)

Қазақстан Ұлттық гвардиясының хоры ресейлік шоуда төрешілерді таң қалдырды (ВИДЕО)

Ресейдің "Ну-ка, все вместе!" музыкалық байқауында Қазақстан Ұлттық гвардиясы Ән мен би ансамблінің ерлер хоры өнер көрсетіп, жоғары бағаға ие болды. Бұл туралы URA.RU ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, Қазақстан Ұлттық гвардиясы Ән мен би ансамблінің ерлер хоры дәстүрлі музыкалық аспаптарды пайдаланып, Linkin Park тобының Numb әнін орындады. Төрешілер хордың ерекше аранжировкасына таңданыс білдіріп, қазақстандықтарға 90 ұпай берді.

"Ну-ка, все вместе!"бағдарламасының жаңа маусымының алғашқы эпизоды 2026 жылғы 20 ақпанда эфирге шықты. Бұл шоудың ерекшелігі — жеке орындаушылар емес, хорлар мен ансамбльдер бағын сынайды.

Қатысушылардың басты мақсаты — әнді орындау кезінде жүз маманның көңілінен шығып, неғұрлым көп төрешіні орнынан тұрғызу. Орнынан тұрған әрбір төреші топқа бір ұпай береді, осылайша ең жоғары ұпай — 100 дауыс.

Қазақстандық ерлер хорының орындауы 100 төрешінің ішінде 90 төрешінің көңілінен шығып отыр.

Маусым жеңімпазы жоба кубогы мен үлкен ақшалай сыйақы алады.

Өзге қатысушылар қанша ұпай жинады:

  • "Кватро Originals" - 100 ұпай
  • "Девчата" хоры - 89 ұпай
  • "Толока" ансамблі - 76 ұпай
  • Palestrina технохоры - 88 ұпай
  • "Малина" квартеті - 88 ұпай
  • "Аврора" балалар хоры - 100 ұпай
  • Валаамск монастырінің хоры - 100 ұпай

100 ұпай жинағандар арасында баттл ұйымдастырылып, финалға ең жоғары ұпай жинаған Валаамск монастырінің хоры мен "Аврора" балалар хоры өтті.

Барлық жаңалық