Алматыда жеңіл көлік жүргізушісі бірнеше автокөлікке зақым келтіріп, еш уайымсыз оқиға орнынан кетіп қалғаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты ZTB дерегіне сілтеме жасап.
Кадрлардан ер адамның алдымен бір көлікті жолға қарай итеріп шығарғаны, кейін аулаға қайта кіріп, көлігін тоқтатып, сабырмен кетіп бара жатқаны анық көрінеді.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мас күйде болған болуы мүмкін. Тұрғындардың мәліметінше, барлығы алты көлікке зақым келген. Сонымен қатар, тәртіп бұзушы отырған көліктің өзі оған тиесілі емес екені анықталды – ол туысының, нақтырақ айтқанда, әпкесінің атына тіркелген.
Қазір оқиғаға байланысты барлық мән-жай анықталуда. Құқық қорғау органдары тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.