ОПЕК ұйымының бас хатшысы ОПЕК ұйымының бас хатшысы Хайтам әл-Гайс күзде Астанаға ат басын бұрмақ. Ол 2-4 қазан күндері өтетін Kazakhstan Energy Week – 2025 форумына қатысатынын растады. Бұл энергетика саласындағы ірі халықаралық шаралардың бірі, деп жазады Ozgeris.info. күзде Астанаға ат басын бұрмақ. Ол 2-4 қазан күндері өтетін Kazakhstan Energy Week – 2025 форумына қатысатынын растады. Бұл энергетика саласындағы ірі халықаралық шаралардың бірі, деп жазады Ozgeris.info.
«Осындай беделді іс-шараға қатысып, өз үлесімді қосатыныма қуаныштымын», деп жазды әл-Гайс форум ұйымдастырушыларына.
Жыл сайын өтетін бұл форумда әлемдік энергетика саласының көшбасшылары, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың өкілдері бас қосып, өзекті мәселелерді талқылайды. Күн тәртібінде–мұнай-газ нарығындағы трендтер, жаңа технологиялар және жасыл энергия тақырыптары.
Айта кетейік, Хайтам әл-Гайс – ОПЕК ұйымының бас хатшысы. Бұл лауазымға 2022 жылдың тамызында келген. Мұнай-газ саласында 30 жылдық тәжірибесі бар маман. Бұған дейін Кувейт, Бейжің және Лондондағы мұнай компанияларында жұмыс істеген. 2021 жылы Кувейт ұлттық мұнай компаниясында халықаралық маркетинг бойынша басқарушы директордың орынбасары болған.
2018–2019 жылдары ОПЕК құрамына кірмейтін елдермен арадағы ынтымақтастық хартиясын әзірлеуге қатысқан.
Жуырда Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов те әл-Гайспен кездесіп, Қазақстан ОПЕК алдындағы келісімдерге берік екенін мәлімдеген болатын.