Шоу-бизнес

"Оң жағым тырысып істемей қалады": блогер Ырысбала денсаулығының нашарлағанын айтты

"Оң жағым тырысып істемей қалады": блогер Ырысбала денсаулығының нашарлағанын айтты

Блогер Ырысбала Икрамбай желідегі парақшасында өзінің ауырмайтын жері жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ырысбаланың сөзінше, оған бірнеше диагноз қойылған. 

"Екінші және үшінші жүктіліктің ортасында маған "эпилепсиялық ұстама" деп диагноз қойған. Оң жағым осылай тырысып, ұстамасы ұстап қалады. Мына күннің ыстығында температура, ұстама, қан қысымы барлығы көтеріліп жатыр. Қазір тынышталдыратын дәрі ішіп көремін, болмаса магнезия салдырамын. Содан кейін тоқтайды. Жасым отызға енді келсе де бәрі бар. Эпилепсиялық ұстама да бар, жүктіліктің фонында ЗОБ та бар. Қант диабеті де жоғары. Қантым қалыптыдан асып тұр және қан қысымым төмен", деді ол. 

 

Барлық жаңалық