Қазақстандық гимнасшы Милад Карими 2026 жылғы Айти–Нагоя жазғы Азия ойындарында еркін жаттығулардың финалында медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстан үшін аталған бағдарламадағы соңғы 32 жылдағы алғашқы тарихи жүлде болды,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жарыстан кейін Карими өз өнеріне көңілі толатынын айтып, бәсекенің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
«Кез келген медаль қымбат, оның артында орасан зор еңбек тұр. Бәсеке оңай болған жоқ. Бүгін іріктеудегіден де спорттық жігерім жоғары болды. Алғашқы күндері бәрі ойдағыдай болмады: күрделі элементтерді орындауда қиындықтар болды. Соның салдарынан командалық есепте төртінші орын алдық. Бірақ бүгін бәрі сәтті болды. Бірінші орынға сәл ғана жетпей қалдым, дегенмен өз жұмысымды жасап, бар мүмкіндігімді толық пайдаландым. Ертең қолымда медаль бар екенін біліп, сабырлырақ өнер көрсетемін деп үміттенемін. Ал көлденең кермеде мүмкіндігім жоғары, бұл – менің негізгі снарядым», – деді Милад Карими.
Спортшы жүлдесін жеке бапкеріне, командасына, дәрігеріне және өзін қолдаған барша жанға арнады. Оның айтуынша, медаль – ортақ еңбектің нәтижесі.