Шоу-бизнес

"Ең үлкен байлық-сүйікті жарым": Динара Сәтжанның күйеуі ағынан жарылды (ФОТО)

"Ең үлкен байлық-сүйікті жарым": Динара Сәтжанның күйеуі ағынан жарылды (ФОТО)

Танымал кәсіпкерлердің бірі Жұмабек Жанықұлов туған күніне орай жан сырын ақтарып, жазба жариялады, деп хабарлайды Оzgeris.info.

«Мен елдің қалай есейгенін көрдім. Ал елмен бірге өзімнің де қалай қалыптасқанымды сездім. Өмір маған бәрін бірден берген жоқ. Бірақ ең керегін берді: тәжірибе, сабыр, таңдау еркіндігі. Мен өкінбеймін. Өйткені әр қателік мені ақылдырақ етті. Әр қиындық берік қылды. Ең ауыр соққы әкемнен айырылу болды. Сол күннен бастап жауапкершіліктің не екенін түсіндім. Ең үлкен байлық анамның жанымда болуы, сүйікті жарымның тірек болуы, ұл-қыздарымның мені мақтан тұтуы», — деп жазды кәсіпкер.

Кәсіпкер өмірден түйген ойларымен бөлісті.

«Мен ешкімнен артық емеспін. Ешкімнен кем де емеспін. Өз орным бар соны бағалаймын. Реніш сақтамаймын. Қателессем, кешірім сұраймын. Себебі күш кешіре алуда. Бүгін мен бір нәрсені анық білемін: шүкір ете алатын адам ешқашан жеңілген емес. Өткенге тағзым ет. Бүгін жауапты бол. Ертеңге батыл қадам жаса. Өйткені сенің өмірің сенің жауапкершілігің», — дей түйіндеді ойын ол.

Барлық жаңалық