Поэзия
Дәурен Тілеухан. "Мойынымда — мың үміттің мұң-зары..."
30.12.2021
309
Дәурен Тілеухан 2000 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Жырлары облыстық, республикалық баспасөз беттері мен сайттарда жарық көрген. Республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы.Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің студенті.
ҚҰЛЫНШАҚ
Қайтесің, қу түлкідей құбылса күн?..
Бәрібір бақ-баянсыз, ғұмыр-сағым...
Айласын асыра алмас жалған өмір,
Қайдасың, құмға аунаған құлын-шағым?..
Алғаусыз шаттығымды аңсап небір,
Армансыз тәтті күнді аңсап небір,
Сарғайса сартап болған сағынышым—
Мен енді не істей алам?..
«Сап-сап көңіл!..»
Дәм татып сүйініштен, күйініштен
Біз солай өтеміз бе тынып іштен?..
Жазира жазық қалар жадымызда,
Жаңбырда жалаңаяқ жүгіріскен...
Дауам боп дала-мұңнан емдеп алған—
Түнде де тыным бермес мендегі арман.
Бейітке байлап кеткен орамалдай,
Бөлшегі жүрегімнің сенде қалған!..
Туған жер!
Туған дала, топырағым!
(Қайран жас қайдан білсін опынарын?..)
...Көз алдым күрең тартып, ауылды аңсап,
Бозарып балконда үнсіз отырамын...
OBSCURUM-2
«Жақсы көргім келмейді!..» - деші, мейлі—
Өшіре алмай келемін осы Үрейді.
Кешірімді біздерге қимаған Күз
Есігімнің алдында есінейді.
Сөнді тағы сезімсіз от-жүрегім.
От-жүрегің сенің де дертті ме еді?!
Жанымды әзер сақтап ем жалыныңнан,
Көлеңкең де күйдіріп кетті мені.
Жапырағын жанымның желге бердім,
Сенделермін осылай, емделермін.
Жұбың жазбай жөңкіген жауар бұлтпен
Сен де кетіп барасың...
Мен де көндім...
Көндік солай.
Көңіл тұр маздап, жүдеп,
Алдарқатар Ай да жоқ..."аз қалды" деп.
Бізге бағын бұлдаған бес-ақ күндік—
Жалған осы!
Жабықпа, жазған Жүрек!..
Бебеулейді бір Үміт бұрынғы үшін.
Сыртым — бүтін, қайтейін, құбылды ішім...
[...Қараңғыдан қорқатын болса керек,
Кірпік қақпай қойды ғой бүгінгі Түн.]
Шақырымдар арасы шалғай бүгін.
Сынық қанат сары Күз.
Сарғайды Мұң.
Бүгінгі түн суықтау...
қандай қиын—
Аспаныңды жылыта алмайтыным!..
ТҮНГІ МОНОЛОГ
Әңгімесі қызықтырмай әркімнің,
Сана ішінде сан адастым, шарқ ұрдым.
Айқайдан да ауыр осы — Үнсіздік,
Қабірден де ызғарлы осы — Салқындық.
Жылдар жұтқан естеліктер не түрлі
Есіме кеп жасырынған секілді.
Қап-қара түн.
Ақ қанатым жазылып,
Ой-теңіздің ортасында отырмын.
(Күллі дүние — көз ішіне тығылған.)
Сақ болшы деп сайтантектес сұлудан—
Әлдебіреу күбірлейді ішімде
Сиқырлардан әлдеқашан суынған.
Мойынымда — мың үміттің мұң-зары,
Түйсігімде — тылсымдардың түнгі әні.
Тәңір құрған мозаика ма бұл әлде,
Қандай қиын жұлдыздардың жұмбағы?!
Тығылардай тән - табытқа, жан - көкке,
Қарашықта қараяды арғы өткел.
Мен тумай-ақ бар болатын мына Түн,
Мен өлсем де бар болады, әлбетте...
«Сүрген өмір — көрген түсің емес пе, ей?..»
Сана ішінде сан адасты көмескі ой—
Жел өшірген иір-иір іздерді
Кезіп жүрген елестей.
«МАХАББАТ МЕЛОДИЯСЫ»
(Л.Бетховен)
Жасыл түнде жаураған
Бұлттар білер сырымды.
Шуақ таңда қаулаған
Шықтар білер сырымды.
Үздігетін іңірге
Шамдар білер сырымды.
Ажал тұрған түбінде
Жолдар білер сырымды.
Жел қытықтап, сүйетін
Әйнек білер сырымды.
Кездесуге киетін
Көйлек білер сырымды.
Жарым түнде жөтелген
Бақтар білер сырымды.
Сағынышын әкелген,
Хаттар білер сырымды.
Жан-жүйемді езетін,
Әуен білер сырымды.
Жүрегімді кезетін,
Өлең білер сырымды.
Шоғы сөнген табанда
Шылым білер сырымды.
Гүлкүлтеден жаралған,
Бұрым білер сырымды.
Мейлі, өртенсін, сарғайсын
Парақ білер сырымды.
Көз жасынан аумайтын
Шарап білер сырымды.
Қарашаның дауысы—
Қаздар білер сырымды.
Қоштасу мен қауышу—
Вокзал білер сырымды.
Айдан алып дерегін
Жұлдыз білер сырымды.
...Мен—арқалап келемін
Мүрдесі ауыр Мұңымды.
Тек сен ғана, жарығым,
Тек сен ғана білмейсің—
Сені сүйетінімді!..
Сені сүйетінімді!..
-
«Байлар салығы»: Нью-Йорк билігі мен қазақстандық меншік иелері арасындағы текетірес11:26, 17 сәуір 2026
-
Әжетханадағы атышулы оқиға: Оралдық тұрғындар «ұятсыздыққа» төзе алмады (ВИДЕО)10:37, 17 сәуір 2026
-
Ауруханаға жатудан бас тартқан: Талдықорғанда 23 жастағы спортшы қыз қайтыс болды10:32, 17 сәуір 2026
-
“Қажалып қан болды”: Тамара Асар аяғындағы протезін ауыстыруға барғанын айтты10:02, 17 сәуір 2026
-
"Ақшадан қиналдық": Интим видеосы тараған жұп мәлімдеме жасады (ВИДЕО)09:53, 17 сәуір 2026
-
-
-
Жамбыл облысында 9 сынып оқушысы өзіне қол жұмсады: жасөспірімдер сотталды06:00, 17 сәуір 2026
-
«Ғарышқа ешкімге айтпай алып кеттім»: Тоқтар Әубәкіров тосын әрекетін мойындады02:00, 17 сәуір 2026
-
«Бақытты болыңдар»: желіде Ләйлә Сұлтанқызы мен Асқар Жұмабекке бақыт тілеп жатыр00:00, 17 сәуір 2026
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
-
“Қажалып қан болды”: Тамара Асар аяғындағы протезін ауыстыруға барғанын айтты10:02, 17 сәуір 2026
-
"Ақшадан қиналдық": Интим видеосы тараған жұп мәлімдеме жасады (ВИДЕО)09:53, 17 сәуір 2026
-
"Жасыра алмаймын": Алтынай Жорабаева өзін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)17:05, 16 сәуір 2026
-
Тұрсын Алагөзовтің қымбат сыйлығы: Баян Мақсатқызы ғашықтар күнінде не алды?15:56, 16 сәуір 2026
-
«Бақытты болыңдар»: желіде Ләйлә Сұлтанқызы мен Асқар Жұмабекке бақыт тілеп жатыр00:00, 17 сәуір 2026
-
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-
"Жігітпен жатпағанмын": Гүлмира Ізбасхан елді шулататын мәлімдеме жасады (ВИДЕО)10:34, 13 сәуір 2026
-
-
-
"1,5 жылдан кейін кездестік": Мөлдір Мұқан күйеуі Тұрсынбек туралы (ВИДЕО)11:41, 10 сәуір 2026
-
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
"Тоқалды қаламасаң да алады": Сәкен Майғазиевтің жары шулы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)10:23, 19 наурыз 2026
-
"Ешкімге сенбеңіздер!": Жазираның келіні ел күтпеген мәлімдеме жасады12:30, 30 наурыз 2026
-