Қоғам

Ақмолада қызды зорлап, өлтірген қылмыскер 24 жылдан кейін жазасын алды

Ақмолада қызды зорлап, өлтірген қылмыскер 24 жылдан кейін жазасын алды

Ақкөл қаласында 29 жастағы қызды ерекше қатыгездікпен зорлап, өлтірген 61 жастағы ер адам 2002 жылдан бері іздеуде болған, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында 61 жастағы айыпталушының ісі қаралды. Ол 2002 жылы қызды зорлап, ерекше қатыгездікпен өлтірген.

— 2002 жылы түнде Ақкөл қаласында 37 жастағы И. 29 жастағы А.-ны жолда көлік тоқтап тұрған қызға қол көтеріп, өлтіремін деп қорқытып, оны жергілікті стадион аумағына апарып зорлаған. Қылмысты жасыру мақсатында оны өлтірген. Қыздың өлімі тұншықтырудан болған, — делінген хабарламада.

Қылмыскер мәйітті көшедегі дәретханаға тастап, оқиға орнынан қашып кеткен. Оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, фотосурет арқылы анықтау, оқиға орнын қарау, сараптамалар мен басқа да материалдар арқылы дәлелденген. Сот сонымен қатар айыпталушының бұрын бірнеше рет сотталғанын және ауыр қылмыс жасағанын ескерген.

— Сот үкімі бойынша айыпталушы 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, зардап шеккен тарапқа моральдық зиян ретінде 10 миллион теңге өтемақы төленуге міндеттелді, — делінген сот хабарламасында.

Сонымен қатар, сот айыпталушыға жазасын өтеу кезінде алкогольге байланысты психикалық және мінез-құлық бұзылыстарын емдеуді міндеттеді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалық