Мәдениет
«АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНДА VI ТЕАТР МАУСЫМНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
18.10.2022
110
13 қазан күні “Алатау”дәстүрлі өнер театрының сахнасында VI маусымның ашылуына орай М.Әуезовтің “Айман-Шолпан” атты музыкалық комедиясы сахналанда. Қойылымның режиссері: Жұлдызбек Жұманбай.
Маусымашарды биыл туғанына 125 жыл толып отырған көрнекті қазақ жазушысы, драматург және ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің Ғылым Академиясының академигі (1946), еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың шығармасымен ашып отыр. Қойылым алдында театрдың кіші залында көрермендерге арналған Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйінің ұйымдастыруымен жазушының өзі пайдаланған жеке заттары, қолжазбалар, фотосуреттер мен театр афишалары сынды құнды жәдігерлер қойылған көрме өткізілді.
«Айман — Шолпан» - драмалық комедия. «Айман — Шолпан» жырының өн бойында әдемі юмор жатыр. Осы ерекшелікті терең ұққан Әуезов халық жырының материалын комедия жазу үшін сәтімен пайдаланды.
Қазақтың тұңғыш музыкалық театрының шымылдығы «Айман — Шолпан» комедиясымен ашылды. Пьесадағы сюжет жыр сюжетінің негізінен ауытқымайды. Драматург тартысты тереңдетіп, образдарды айқындап, идеяны ұштап, жаңа бояулар, соны өрнектер қосқан. Пьесадағы 17 кейіпкердің жетеуі жырда бар, өзгелерін автор қиялы, шығармашылық мақсат тудырған. Жырдағы тартыс Маман мен Көтібардың сәнді үйге таласуынан басталса, пьесадағы тартыс Әлібек, Маман байлардың Көтібарды адам санатына қоспай, намысына тиюінен өрбиді. Жырда жоқ, драматург қиялынан туған кейіпкер — Жарас барлық күлкілі ситуациялардың бел ортасында жүреді. Комедияда Әуезовтың образ, тамаша тип жасаумен бірге, шеберліктің биік деңгейіне жеткендігін, халықтық фольклор мен классикалық дәстүрді терең үштастыра білетін жаңашыл қаламгер екендігін танытты. Халық жырында нобайы ғана көрінген персонаждар комедияда тереңдетіліп, характерлік даралық сипаттарын тапқан. Әсіресе Айман мен Шолпан образдарының ерекшеленуі драматург шеберлігін көрсетеді.
М. Әуезовтің 1956 жылы жазылған “Айман-Шолпан” атты музыкалық комедиясының екінші нұсқасына негізделген қойылымда ұлттық ойындар мен хореография спектакльдің көркемдік тұтастығын сақтайды.
Сонымен қатар қойылымда көпшілік сахналары мен халық әндері дәстүрлі өнеріміздің айқын көріністерінен сыр шертеді.
Бүгінгі ұлттық рухымыздың қайта жаңғыруы тұсында көркемдік сипаты халықтың салт-дәстүр бояуымен әрленген қойылым жанр талабына сай жеңіл әзіл, махаббат шиелінісін, кейіпкерлер мінездерін, жеңіл музыкалық әуенмен оқиғалар байланысын көрсетеді. Режиссер ұлттық салт-дәстүріміздегі халық әндері, айтыс, ұлттық ойындар, би қимылдарын қолдану арқылы спектакльге өң береді.
Бұған дейін Театрымыздың бесінші маусымы өте жемісті болды. «Ән-Мұхит» дәстүрлі музыкалық драмасы сахналанды, «Сүлейлердің ізімен» жыр кеші ұйымдастырылды. Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұлттық өнерімізді таныту, ұлттық бірегейлікті дәріптеу мақсатында Түркияның Ыстамбұл қаласында Джемал Решит Рей Консер Салонунда «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші өтті.
«Әгугай мен Игигай» атты халық ертегілері мен әндерінен құралған балаларға арналған музыкалық қойылым қойылды. «Абай-Тоғжан» қойылымы, «Мұқағалимен сырласу» поэтикалық кеші, «Әсем әуен мен көркем қимыл» сазды би кеші, «Кез болған соң кер заман» атты музыкалық қойылымы көрермендер ықыласына бөленді.
«Жаңа Қазақстандағы дәстүрлі өнердің театр сахнасындағы даму үдерісі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. «Алатау» дәстүрлі өнер театры төл өнеріміздің орнын айшықтай түсу, қанатын кеңге жаю мақсатында Астана, Павлодар, Екібастұз, Семей, Абай және Аягөзге гастрөлдік сапармен барды. Бұл сапардың Театр үшін тұңғыш рет екенін айта кеткен жөн.
Домбыра күніне орай «Ән домбыра» әдеби сазды кеші, Алматы қаласы күніне орай Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен Жәнібек Кәрменов атындағы «Ән-Алматы» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы, «Аманат» атты республикалық жыршылар фестивалі және Жекпе-жек айтыс болды. V маусымда тағы да басқа көптеген шаралар өтті.
VI маусымда театр сахнасында ұлтымыздың мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерлері ішінде ұмыт болып бара жатқан қазақтың тұрмыс-салтқа бағытталған ұлттық ойыныдары – қазақ жастарының ертеден келе жатқан кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, айтыс жасап, би билеп, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтеретін ойын-сауық құратын дәстүрлері сахланады.
Осы ұлттық ойындарының төңірегінде әуелеткен дәстүрлі ән мен күмбірлген күй, мың бұралған билеріміз бір бірімен астасып ерекше қойлымға ұласады. Ұлттық дәстүрлі ән өнерімізді, ұлттық ойындарымызды халық санасында жаңғыртып, бабаларымыз қалыптастырған биік мәдениеттің асқан рухын жеткізетін «Алтыбақан», «Ақсүйек», «Бастаңғы» сынды ойын-сауық ән кештері патша көңілді көрерменнің назарына ұсынылатын болады.
Ардақ БЕРКІМБАЙ
"Алатау" дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің маманы, өнертанушы
-
"Қазақстандық қыздарға тіл тигізген": Алматыда белгілі ресейлік стримерлер ұсталды23:00, 08 ақпан 2026
-
Фейк видеоға байланысты Мұхтар Шахановтың келіні ашық үндеу жасады22:31, 07 ақпан 2026
-
Президент Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларына нақты тапсырмалар жүктеді.22:21, 07 ақпан 2026
-
16 млн теңге: «Қазақмыс» атымен алдағандар жауапқа тартылуда15:19, 07 ақпан 2026
-
Нұрлан имам биыл да АҚШ-тағы Трамптың қайырымдылық асына қатысты (ФОТО)17:15, 06 ақпан 2026
-
Жасанды интеллект зауыттарға қалай кіріп жатыр?17:05, 06 ақпан 2026
-
Жаңа Конституция: Үкімет кәсіпкерлерге қандай уәде беріп отыр?16:45, 06 ақпан 2026
-
-
Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына кіруге 50 жылға тыйым салынды16:00, 06 ақпан 2026
-
"Пәтер сұрауға ұялдым": Роза Рымбаева Назарбаевпен кездесуі жайлы айтты (ВИДЕО)15:21, 06 ақпан 2026
-
"Қазақстандық қыздарға тіл тигізген": Алматыда белгілі ресейлік стримерлер ұсталды23:00, 08 ақпан 2026
-
Нұрлан Сабуров өзіне қатысты Ресейдегі шектеулер жөнінде алғаш рет пікір білдірді00:00, 09 ақпан 2026
-
-
Атырау облысындағы жоғалған отбасы: ел естімеген дерек шықты04:18, 03 ақпан 2026
-
-
"Шөп шегейік деді": Танымал психолог Мақпал Қаратайдың бар былығын ашты (ВИДЕО)17:28, 02 ақпан 2026
-
-
-
-
-
-
-
"Жарқын жүзін сағындым": Асанәлі Әшімовтің жары жан тебірентер жазба жариялады (ВИДЕО)15:30, 13 қаңтар 2026
-
«Аяғы ауыр сияқты»: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)17:25, 16 қаңтар 2026
-
"Қимаймын, амал қанша": Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қаралы хабарды жеткізді (ФОТО)16:18, 16 қаңтар 2026
-
«Көріпкел, емшілер жаза бастады»: 156 келіге жеткен Рамазан Амантай шындығын айтты06:00, 27 қаңтар 2026
-
"Қаншама күнә жинады": Сара Назарбаеваға қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)17:12, 14 қаңтар 2026
-
-
-
"Қатты өкінемін": Марқұм Мұрат Бисенбиннің соңғы сұхбаты тарады (ВИДЕО)12:21, 09 қаңтар 2026
-
«Тағы бір қайғы»: Асанәлі Әшімовтің отбасы тағы қара жамылды08:45, 26 қаңтар 2026
-