Жаңалықтар

Абай облысында бір үйдің төрт баласының өліміне қатысты тергеу басталды

Абай облысында бір үйдің төрт баласының өліміне қатысты тергеу басталды
Аягөзде бір үйдің төрт баласының қайтыс болуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қайғылы оқиған 25 қазанда 11:00 шамасында болды. Үйден өрт шығып, бөлмелердің бірінде жиһаз бен жеке заттар жанған. Өрттің жалпы ауданы – 20 шаршы метр. Өрт сөндірушілер төрт баланың денесін тапты. “Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамай, кәмелетке толмағандардың абайсызда өліміне әкеп соқтырғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды”, — деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сараптама тағайындалды. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Барлық жаңалық