"Әлемнің сұлулары татымайды, анамның күліп тұрған бейнесіне. Анашыммен бірге түнгі Стамбұлдың сиқырлы сәттерін тамашалап жүрміз", - деп жазды әнші.Аталмыш кадрларды көрген бойда желі қолданушылары өнер иесін сұрақтың астына алды. Көпшілік бұл сапарға актрисаның жолдасы неге бармағанын жарыса сұрады. "Күйеуің қайда?", "Анаңыз 100 жасасын, күйеубаласы қайда? Неге енесімен бірге қыдырмайды"," Күйеуіңіз неге бармаған?", "Жолдасыңыз көрінбейді", "Күйеубаламыз қайда кеткен? Жоқ болып кетті ғой", "Отағасысыз қыдыра бересіз ба", - деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дереккөз: nur.kz