Концертке бармасаң, айлық жоқ: Қазақ ұлттық өнер университеті оқытушыларына талап қойды

Фото: egemen.kz

Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде кафедра меңгерушілері концертке бармаған оқытушыларға айлық төленбейтінін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» Facebook арнасының оқырманы айтты.

Сәлеметсіз бе, Қазақ ұлттық өнер университеті. Барлық кафедра меңгерушілері бүгін жұмыс чаттарына егер біз Қуанышбаев атындағы театрдағы қорытынды концертке бармасақ, оқытушыларды желтоқсан айындағы жалақысынан айырады деп қорқытады. Бұл дұрыс па, жұмыстан тыс уақытта міндетті түрде концертке келуді талап ету? Біз сізге еріксіз крепостноймыз ба? Жалпы, бұл қызмет бабын теріс пайдалану және еңбек заңнамасын бұзу деп аталады. Сіз бізге соңғы жиналыста олай болмайды деп айттыңыз ғой?, — деп жазды пост авторы.