Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке жылқы сыйлайды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
«Ол Олимпиадаға кетер алдында біз кездесіп, кетер алдында бата қылып едік. Құдай қабыл еткен ғой. Менің оған қандай қатысым бар. Алтынды алған Елдос, досым, құрдасым. Халықтың алтын ұлы», — деді әнші.
Төреғали чемпионды «ел-аға» деп атайтынын айтты.
«Мен оны «Ел-аға» деп атаймын. Менің досым, ағам. Менде бұрын үлкен ағалар берген жылқы бар. Жақсы асыл тұқымды. Соны сыйға тартамын», — деді әнші.
ПІКІР ЖАЗУ