«Қазір барлығын әйелдер шешеді»: Бағлан Әбдірайымов өзінің уайымын айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Қазақстандық танымал әнші, «Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов желіде жаңа видео жариялап, әйелдер қауымына қатысты ойын айтты. Өнер иесі бүгінде нәзік жандылардың қоғамдағы орнын сөз етті, деп жазады ozgeris.info.

Бағлан Әбдірайымов қазіргі уақытта отбасындағы көп нәрсені әйелдер шешетінін айтты. Әнші тіпті бүгінде кез келген салада үлкен жобаларды қыз-келіншектер тізгіндеп отырғанын жеткізді.

«Қазір барлығын әйелдер шешеді. Кинотеатрға барып, қандай кино көру керек екенін әйел шешеді екен ғой. Мысалы, менің досым бала-шағасын алып, біз түсірген киноға барған ғой. Тура киноға кірейін деп тұрған кезде әйелі «Біз өзі анда-санда демалысқа шығамыз, қарыз бен құмар ойын туралы фильм көргенше күліп демалып қайтайық» деп айтыпты. Досым сол келіншегінің сөзіне еріп, басқа киноны көріп шыққан ғой. Кейін менен кешірім сұрап, киноны көре алмағанын айтты. Шындығында қазір бәрін әйелдер шешеді. Саудада кілең қыз-келіншектер, медиа саласындағы үлкен жобаларды да әйелдер басқарып отыр. Жаңа жылдық түсірілім болсын, мемлекеттік концерттерді де әйелдер ұйымдастырып жүр. Өкінішке орай сондай жобаларды тізгіндеп жүрген жігіттер санаулы ғана», — деді өнер иесі Instagram-дағы парақшасында.