Жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошылардың Париж Олимпиадасындағы қарсылаcтары белгілі болды

2024 жылғы Париж Олимпиадасында таеквондодан жеребе тартылды. Қазақстандық атлеттердің алғашқы қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды ozgeris.info.

Париждегі жазғы ойындарда аталған спорт түрінен екі қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды. 58 келідегі Самирхон Абабакиров италиялық Вито Дел'Акилаға қарсы шығады. Бұл кездесу 7 тамыз күні, 1/8 финал аясында өтеді. 9 тамызда 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Батырхан Төлеуғали даянгке шығады. Оның бірінші қарсыласы – малилік Исмаил Кулибали.
Барлық жаңалықтар