25 қазан күні Алматы қаласында Медеу мұз айдынында Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді. Осы іс-шараға қала әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары және әртүрлі бірлестік өкілдері қатысты. Тудың ауданы 98 шаршы метр, биіктігі 40 метр.
Сағат 21:00-де Абай алаңында, ал 21:30-да «Астана» алаңында дрондар шоуы өтеді. 500-ден астам дрон әуеде елдің тарихи-мәдени кезеңдерін, ұлттық белгілерді 3D бейнесін ұсынады. Сағат 20:00-де Республика күніне орай «Көктөбе» телемұнарасына сәулелі жарық болады.
Астана қаласында да түс қайта концерттік бағдарламалар жалғасады. Елордада қортыныд жәрмеңке ашылып, Ақмола, Ұлытау, Қостанай облыстарының диқандары өз қнімдерін ұсынды. Қала бойынша табысы аз отбасыларға 1 мың себет азық-түлік үлестірілді. Астана әуежайы мен темір жол возкалдарынада әнұран шырқалды.
Елордада мереке күні 100-ден астам ісі-шара өткізу жоспаранған. 5 қазан күні сағат 21:00-де Триатлон саябағында (Пирс ауданы) отшашу өтеді.
Республика күні Қарағанды қаласында «Өлкетану» кітапханасы ашылды. Кітапханаға балалар да, ересектер де келе алады. Кітапхана ғимараты шыны киіз үлгісіне сәйкес келеді. Осында келгендер үстел ойындарын ойнап, домбыра тартып уақытын қызғылықты өткізе алады.
Ақтөбе қаласының Тутұғыр алаңында мерекелік шара өтті. Осы алаңда да көк байрақ салатанатты түрде көтеріліп, әнұран шырқалды.
Солтсүтік Қазақстан облысының орталығында салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді. 100-ден астам агроөнеркәсіп өкілдері қатысқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ет, сүт, балық өнімдері сатылды.
ПІКІР ЖАЗУ