Жаңалықтар

Қазақстан - Норвегия футбол ойыны сенсациямен аяқталды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында өз алаңында Норвегиямен кездесті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бүгін, 6 қыркүйекте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Норвегия құрамасына қарсы матч өткізді. В дивизионында өнер көрсететін қос құрама Алматыда кездесті. Қазақстан мен Норвегия арасындағы ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бұл матчта Қазақстан құрамасы қарсылас команда қақпасына 5 соққы жасады. Ал Норвегия құрамасы Игорь Шацкий қақпасына 20 соққы бағыттады. Норвегияға қарсы екінші ойын 11 қарашада өтеді. Айта кетейік, 9 қыркүйекте ұлттық құрама Словенияға қарсы кездесу өткізеді. Бұл матч Любляна қаласындағы "Стожице" стадионында Астана уақыты бойынша сағат 23:45-те болады.
Барлық жаңалық