Кәсіпкер Рақышев дзюдошы Сметов пен Қырғызбаевқа көлік мінгізді

Белгілі отандық кәсіпкер Кеңес Рақышев 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков жазды.

«Кеңес Хамитұлы (Рақышев — ред) қос батырымыз Елдос пен Ғұсманға берген уәдесін орындап, темір тұлпардан мінгізді. Алла сізге разы болсын Кеңес мырза!» — деді Маратбек Мықтыбеков.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында дзюдодан 60 келідегі салмақта белдескен Елдос Сметов чемпион атанған болса, ал Ғұсман Қырғызбаев 66 келіде өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізді.