Жаңалықтар

Кәрім Мәсімовтің қызы бұрынғы күйеуімен соттасып жатыр

ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қызы Тамилла Кәрім мен оның бұрынғы күйеуі Азамат Капенов арасында Ресейде сот процесі жүріп жатыр. Тараптар бірнеше жылдан бері ортақ мүлікті бөлу мәселесінде келісе алмай келеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұған дейін ерлі-зайыптылар балалардың кіммен қалатыны, қамқорлық тәртібі туралы даулы мәселелерді шешкен болатын. 2022 жылдың желтоқсанында Біріккен Араб Әмірліктерінің шетелдік мұсылман емес азаматтарға қатысты істер жөніндегі соты балалардың ай сайын алғашқы екі аптасын анасымен, ал қалған екі аптасын әкесімен өткізетін тәртіп орнатқан. Telegram-дағы «Выход к морю» арнасының хабарлауынша, Азамат Капенов Ресейде аса қымбат жылжымайтын мүлікке иелік етеді. Оның жалпы құны шамамен 10 миллиард теңгеге бағаланады. Капеновтің меншігінде Мәскеуде, Рублевка мен Серебряный борда орналасқан элиталық үйлер мен пәтерлер бар. Сонымен қатар оның гаражында Porsche Taycan Turbo S сияқты құны 190 мың еуро тұратын люкс көліктер де кездеседі.  
Барлық жаңалық