Кандидат Салтанат Тұрсынбекова Солтүстік Қазақстан облысында

Бүгін Петропавлда ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жергілікті халықпен кездесу өткізді. Онда ол Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы айтты.

Үміткер мемлекеттік органдардың деректері мен зерттеулеріне сілтеме жасай отырып, статистиканы жариялады.

Әйелдер кәсіпкерлігі ШОБ секторындағы жұмыс орындарының 31,4%-ын қамтамасыз етеді. 2020 жылғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі 28,3 пайызды құрады. Олардың көпшілігі шағын және орта бизнес өкілдері, олар осы сектордағы жұмыс орындарының 31,4%-ын және елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен 14,6%-ын қамтамасыз етеді.

Құқық қорғаушы шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлерді салықтан толығымен босатуды ұсынатынын айтты.

«Кәсіпкерлердің аяққа тұруына мүмкіндік беруіміз керек. Олар орта деңгейге өткенде, жеңілдетілген салық салу қазірдің өзінде бар. Қызмет саласына байланысты жеңілдікті режим. Ал ірі бизнеске, әсіресе ойын бизнесіне, керісінше, салықты арттыруы керек», — деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, жиналғандар кандидаттан сайлауалды бағдарламасы туралы сұрады. Атап айтқанда, әйелдердің зейнет жасын төмендету, сот реформасы және экономикадағы өзгерістер туралы сөз болды.

Салтанат Тұрсынбекова штабының

Баспасөз-хатшылығы

E-mail: tursynbekova.shtab@gmail.com

+7 702 667 07 00

+7 701 999 28 19

Instagram

Facebook

Twitter

TikTok