Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен стамбұлдық «Бешікташ» клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның үйінде қонақ болды. Бұл туралы ozgeris.info Айнұр Тұрсынбаеваның Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық футболшы қазіргі таңда Түркияда тұрып жатқан Айнұр Тұрсынбаеваның үйінде қонақта болды. Айнұр Тұрсынбаеваның Instagram желісіндегі ресми парақшасына жариялаған видеодан футболшыға ет асып, ыстық ықыласпен қарсы алған шаңырақ иелері оған арнайы сый-сияпат табыстағанын көруге болады. Өз кезегінде Бақтиер де үйдегі балалармен кездесіп, олардың жейдесіне қолтаңбасын қойып, бірге естелік суретке түсті.
«Шетелде қазақтың туын көкке көтеріп жүрген батыр ұлы Бақтиер қара шаңырағымызға қонаққа келді. Сіздің де ұлдарыңыз батырлар қатарынан болсын», — деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов 2023 жылдың 21 тамызынан бері Түркияның «Бешікташ» клубы сапында өнер көрсетіп жүр. Содан бері ол стамбұлдық клубта 7 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Сондай-ақ ол Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген, оның еншісінде қазірдің өзінде 14 гол бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ