Танымал қазақстандық жұп Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов күміс тойын тойлап жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.
1999 жылы шаңырақ құрған отбасыға биыл 25 жыл болған. 20 тамыз — екеуінің шаңырақ көтерген күні. Эстрада жұлдыздары бұл атаулы күнді дүркіретіп тойлады.
«Қайтадан тұрмысқа шығып жатырмын. 20 тамыз — Қыдекең екеуіміз үйленген күн. Құттықтап жатқан жандарға алғысымыз шексіз», -деді Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында.
Күміс тойда Қыдырәлі мен Қарақат жас жұбайлар сияқты ортаға ерекше қошеметпен кіріп, неке қию рәсімін жасаған.
«Жар-жар деп кіріп келген жас жұбайлардың сәлемін қабыл алыңыздар! Салтанатты неке қию рәсімі! Қуанышымызға ортақтасып ақ тілегін арнап жазып жатқан жақсы адамдарымызға алғыс», — деп жазды әнші.
ПІКІР ЖАЗУ