«Хутордан бәрі қорқады»: Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Талғардағы банда туралы айтты

Фото: qaz365.kz

Марқұм Шерзат Болаттың әкесі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Хутор бандалары туралы біраз шындықты жайып салды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл жерде ешқандай әділдік ала алмаймыз, алынбайды да. Талғардағы полиция жемқорлыққа әбден бейімделіп алған. Жылда “Хутордың” өкілдері адам өлтіреді. Жәбір көргендердің жақындары үйге келіп айтып жатыр. Біреулердің тал түсте көзін ойып алған, біреуін атқан, біраз қыздарды зорлаған. Бала кезден білеміз, “Хутордан” бәрі қорқады”. Себебі олар шакал сияқты, пышақ сұғады, атады, артында ешқандай жазалау болмаған соң емін-еркін жүре береді. Бәрін ақшамен шешеді, – дейді марқұмның әкесі.

Марқұмның әкесінің сөзінше, жаназа болған күні “Хутор бандасының” адамдары келіп, қорқытып кеткен. “Ұлыңның жанынан көріңді қаза бер деп айтты” дейді.

Жаназа болып жатқан кезде маған біреу “заңгердің көмекшісімін, сізбен сөйлесемін деп жатыр” деді де, телефонын берді. Алсам, “түрмеден Еркошпын, жігіттердің ағасымын. Тыныш жүр” деді. Мен “соңына дейін барамын. Түрмеде болсаң әрі қарай отыра бер” дедім. Жаназаға келген жігіттер көңіл айтқан болып, сөйлесеміз деп бейітке алып кетті. Сөйтсем олар “Хутордың” жігіттері екен. Бейітті көрсетіп, “тыныш жүрмесең, балаңнын жанынан көр қазып дайындап қоюыңа болады” деп ескертіп кетті. Оларға қан төгілгенін қаламаймын, әділ шешіммен соңына дейін барамын деп айттым, – деді марқұмның

АҚПАРАТ POLITICO.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН