«Халықты мазақ қылу»: Алматылық жүргізушілерге бұрынғы айыппұлдар келіп жатыр (ВИДЕО)

Фото: Pixabay.com

Алматылық жүргізушілерге жол ережесіне қатысты екі ай бұрынғы айыппұлдар келе бастаған. Себебі «Сергек» камералары жүргізушілердің екі ай бұрынғы жол ережесіне қатысты заңбұзушылықтарын тіркеген. Қалалық полиция департаменті бұл жағдайдың себебін түсіндірді, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Желі қолданушылары айыппұлға қатысты өз оқиғаларын бөлісіп, мұның барлығы халықты мазақ қылу деп жарыса жазып жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс нормаларына сәйкес, құқық бұзушылық жасалған күннен бастап әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі — екі ай, деп жазады Massaget.kz.

«Егер жүргізуші екі ай ішінде айыппұл туралы тиісті түрде хабардар етілсе және айыппұл төлеу қажет екені туралы талап қойылса, бұл талап міндетті түрде орындалуы тиіс», — деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы жолдарында автоматты түрде 3,8 миллион жол ережесін бұзу оқиғасы тіркелген.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...